Оразақ Смағұлұлы (1 қазан 1930 жылы туған, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы) — ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы (1984), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998), ҚР ҰҒА академигі (2003).
1955 ж. ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. 1959-1961 ж. КСРО ҒА Этнография институтының аспиранты, 1961 жылдан Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері. Олардың ұйымдастыруымен 36 экспедициялық және далалық зерттеулер жүзеге асырылды. Оның ішінде үнді-кеңес (1974-1975), қазақ-моңғол (1991 — 92) және қазақ-италия (1993-94, 2002-2004), т.б. антропологиялық экспедициялар болды. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның биік таулы аймақтарына бейімделу мәселелерін аймақтың этноүрдістерімен байланыстыра зерттейтін халықаралық ғылыми жобаға жетекшілік етті. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның 20-ға жуығы АҚШ, Жапония, Қытай, Үндістан, Түркия, Италия, Германия, Франция, Дания, т.б. шет елдерде жарық көрді. Еңбектерінде қазақтардың генофондының біркелкілігі, 4 мыңжылдық тарихы жайлы ғылыми пікірлер тұжырымдалды. Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (1990). Антрополог ғалым қызы Айнагүл Смағұловамен бірлесіп «Происхождение казахского народа» атты орыс тілінде еңбек жазып шықты. "Бұл кітапты оқыған адам қазақ халқын көнеден келе жатқан этнос ретінде танып, оның бұзылмай-сызылмай сақталған қырық ғасырлық тарихы барын ғылыми дәлелдер негізінде түсіне алады. Бұл тұжырым жаратылыстану ғылым саласы бойынша емес, биологиялық тұрғыдан анықталып отыр. Менің ғұмырымның жарты ғасыры тек осы еңбекке арналды. Бұл кітапта қазақтың бүтін этнос ретінде төрт мың жылдық тарихы бар халық екені толық дәлелденді. Мұндай ұзақ тарихы бар халық әлемде жалғыз еврей ұлты деп жүрдік. Оның өзінде олардың тарихы теологиялық діни концепцияға негізделіп дәлелденген. Бұл нақты ғылыми тәсілге жатпайды. Ал қазақтар ше, антропологиялық ерекшелігі жағынан Еуразияда тұрып жатқан халықтардың бірде-біреуіне қосылмайтын жеке-дара этнос. Мұндай ерекшелікпен жаратылған халық әлемде кемде-кем. Өйткені біздің ата-бабаларымыз ешкімге ұқсамайтын керемет даму сатыларын білген. Мына кітапта сол баяндалады" деп жазған автор.
Баласынан белгілі тек бір қызы бар, Айнагүл Смағұлова.
|
Екеуіміз жазамыз, екеуіміз ақылдасамыз, екеуіміз шығарамыз. Қалған Қазақстанда маман жоқ. Оразақ Смағұлұлы
|
|
Өзінің мұғалімдері деп Виктор Бунакты, Яков Рогинский және Георгий Дебетсті атап кетеді.[1]
Шығармалары:
- Население Казахстана от эпохи бронзы до современности, А., 1970;
- Этническая генеография Казахстана, А., 1970;
- Этническая антропология Казахстана, А., 1982;
- Этническая одонтология Казахстана, А., 1989 (соавт.);
- Абылай хан, Аст., 2003 (телавт.);
- Этническая дерматоглифика казахов, А., 2005 (соавт).[2]
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер