Сонгина Ольга Альфредовна (17.4.1901, Ресей(қолжетпейтін сілтеме), Санкт-Петербург қаласы – 7.5.1989, Алматы) – ғалым, химикалық ғылым докторы (1957), профессор (1959). Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі (1970).
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Санкт-Петербург (Ленинград) индустриалды институтын бітірген (1941). 1922 – 37 жылы Санкт-Петербург қаласындағы “Красный выборжец” зауытында еңбек етті. 1937 – 1943 жылы Бішкек (Фрунзе) қаласында дәріхана басқару мекемесінде, 1943 – 1945 жылы Қырғызстан ҒА-ның Химия институтында ғылым қызметкер, 1945 – 1948 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтында (Қазақ ҰТУ), 1948– 50 жылы. Қазақстан ғылым академиясының Химия институтында ғылым қызметкер, 1950 – 1981 жылы қазіргі ҚазҰУ-дың химия факультетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. Ғылым жұмыстарының негізгі бағыты – сирек [элемент|элементтер, минералды шикізаттар химиясы және электрхимекалық әдістер саласын зерттеуге арналған. Сонгина табиғаттағы шикізаттарды, сирек элементтерді көптеген электрхимикалық әдістермен (амперметрлік титрлеу, электрхимикалық фазалы талдау, т.б.) зерттеу және талдау арқылы олар жөнінде ғылымға мол мағлұматтар қосты. Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 6 монографияның,600-ден астам ғылым еңбектің авторы, оның ішінде 30 авторлық куәлігі бар.
Шығармалары:
Амперометрическое титрование, М., 1957; Редкие металлы, (3 изд.), М., 1964; Химия, (3 изд.), М., 1979.[1]
Дереккөздер
- ↑ "Қазақ энциклопедиясы" , 7 том