Оливер Твисттің басынан кешкендері

Оливер Твисттің басынан кешкендері
The Adventures of Oliver Twist
Басылым
Авторы

Чарльз Диккенс

Түпнұсқа тілі

ағылшын тілі

Жазылған жыл

1833-1841

Жариялануы

1837-1839

Баспагер

Bentley's Miscellany

Оливер Твисттің басынан кешкендері (ағылш. Oliver Twist; or, the Parish Boy’s Progress; The Adventures of Oliver Twist) — бас кейіпкері жас бала болған алғашқы ағылшын әдебиеті және Чарльз Диккенстің екінші романы. Бұл роман Диккенс шығармашылығын төрт кезеңінің бірінші кезеңінде 1833-1841 жылдардың аралығында жазылған. Ал Диккенстің негізгі әлеуметтік тақырыпты қамтыған «Оливер Твистің басынан кешкендері» романы (1837-1839) жарық көрді.

Оливер Твисттің басынан кешкендері (Oliver Twist; or, the Parish Boy’s Progress; The Adventures of Oliver Twist) - Чарльз Диккенстің басты рөлде баланы кейіптейтін екінші, ал ағылшын әдебиетіндегі бірінші романы. Алғаш 1937 жылдың ақпаны мен 1939 жылдың наурызы аралығында Джордж Крушенктің суреттерімен Bentley’s Miscellany журналына басылып шығарылып отырды. Оған қоса 1938 жылдың қазан айында Bentley’s Miscellany журналының басшысының келісімімен бөлек басылым болып шығарылды. Ал 1946 жылы қаңтар мен қазан аралығында романды ай сайынғы шығарылымдарда Диккенс шығарып отырды. Кітап жалпы 53 бөлімнен тұрады. Бұл роман халық арасында айтарлықтай танымалдылыққа ие болған.

Шығарма желісі

Оливер Твист-анасы босану кезінде қайтыс болған жетім бала. Ол жағдайы өте нашар жергілікті болысының балалар үйінде өседі. Жалғыз панасында қасындағы аш құрдастары Оливерді кешкі асқа толықтырулар сұрайға мәжбүр етеді. Бұл табандылығы үшін басшылық оны жерлеу бөлімінің иесіне сатады. Ал ол жақта кішкене жетім бала бөлімнің аға көмекшілерінің мазағына ұшырайды, қатты қиналады.Ақыры шыдамаған Оливер бір күні аға көмекшіге жұдырығын бағыттай жөнеледі. Бұның оған еш жақсылық алып келмегенін түсініп, тезірек қашуға ұмтылады.Жоспары ойдағыдай жүзеге асып, ол Лондонға қашады. Үлкен қалада ол Ловкий Плут деген лақап атпен жүрген жас ұрыға кезігеді. Оның панасын, яғни бір топ қылмыскерлердің панасын басқару қу еврей Феджиннің (Фейгин) қолында болатын. Қылмыстық топ құрамындағы Оливердің досы Нэнси Оливерді жақсы көре бастап,оған мейіріммен қарайды.

Ұрлықшылар тобы Оливерді де ұрлыққа үйретуді жоспарлайды. Бірақ бір іске аспай қалған ұрлық нәтижесінде ол қайырымды Браунлоу мырзаның үйіне тап болады.Біраз уақыт баланы өз үйінде қалдырған Браунлоу мырза бірте-бірте оны өзінің жақын досының баласына ұқсата бастайды. Алайда, қажетті уақыт өткен соң Сайкс пен Нэнси оны қайта ұрлық жасау үшін қылмыс әлеміне қайтарады.

Уақыт өте анықталғандай, Феджиннің артында Оливердің мұрасын тартып алуға тырысып жүрген,оның өгей ағасы Монкс тұрған болатын. Тағы бір сәтсіз өткен ұрлық нәтижесінде Оливер Роз Мейли ханымның үйіне тап болады. Ал Мейли ханым романның соңына қарай оның тәтесі болып шығады. Бірде, Нэнси Роз Мейли ханымның үйіне Монкс пен Феджиннің әлі уақытқа дейін Оливерді ұрлағысы, тіпті мүмкін өлтіргісі келіп жүргендерін айтады. Осы жаңалықпен Мейли ханым мәселені шешу үшін, кішкене жетім баланы қорғау үшін Браунлоу мырзаға барады. Оливер одан әрі Браунлоу мырзаның үйінде қалады. Оливер үшін істеп жүрген Нэнсидің бұл тірліктерінің барлығын Сайкс біліп қойып,байғұс қызды өлтіреді. Романнның жалғасында Оливер өзін өлтірмек болып жүрген ағасы мен қамқор тәтесі және қайырымды Браунлоу мырзаның қасында, әр түрлі қиындықтармен бетпе-бет келе өмір сүреді.

Кейіпкерлері

  • Оливер Твист-басты рөлдегі жетім бала.
  • Браунлоу мырза-Оливердің алғашқы қамқоршысы.
  • Мейли Роз ханым-Оливердің қамқоршысы(роман соңында Оливердің тәтесі екені анықталады).
  • Феджин-құрамына Ловкий Плут және Чарли Бейтс сияқты балалар кіретін қылмыстық топтың басшысы, көптеген балаларды ұрлық жасап өмір сүруге үйреткен қылмыскер.
  • Ловкий Плут-Оливердің қылмыс әлеміне кіруіне әсер еткен ұрлықшы, өз ісінің шебері.
  • Билл Сайкс-Феджиннің қылмыстық тобына кіретін жауыз қылмыскер, қанішер, ұрлықшы.
  • Нэнси-қылмыскерлер тобына кірседе, өте мейірімді Оливердің өмірін құтқарған қыз.
  • Монкс-Оливерді мұрасынан айыру үшін барлығына дайын болған оның өгей ағасы.

Басылым

Әдеби Bentley’s Miscellany журналында Джорджа Крукшенканың иллюстрациясымен (суреттерімен) 1837 жылдың ақпаны мен 1939 жылдың наурыз айларында жарық көрді. Сонымен бірге роман Bentley’s Miscellany журналында жеке/бөлек басылым болып 1838 жылы қазан айында жарыққа шықты. Ал 1846жылы роман Диккенс арқылы әр ай сайын жеке шығарылым болып шығып отырды(қаңтар-қазан).

Экранға шығуы және театрлық қойылымдар

  • Оливер Твист — мылқау фильм, 1922 жылы.
  • Оливер Твист— 1948 жылғы классикалық фильм, режиссер Дэвид Лин.
  • Оливер! — мюзикл, 1960 (Уэст-Энд,Лондон), 1962 (Бродвей), 1984 (Бродвейде қайта жаңартулармен көрсетілді), 1994 (Уэст-Эндте қайта жаңартулармен көрсетілді), 2002 (Австралияның көптеген аумақтары), 2003 (Таллин), 2009 (Уэст-Эндтегі тағы бір жаңа нұсқасы), 2011 (Ұлыбританияның көптеген аймақтарында).
  • Оливер! — фильм-мюзикл, 1968 жылы.
  • Оливер Твист — мультфильм, 1982 жылы.
  • Оливер Твист— телесериал, 1985 жылы. Режиссер Гарет Дейвис (Ұлыбритания).
  • Оливер Твист — фильм, 1997 жыл. Режиссёр — Тони Билл (АҚШ).
  • Оливер Твист — фильм, 2005 жыл. Режиссёр — Роман Поллански.
  • Оливер Твист— сериал, 2007 год. Режиссёр — Коки Гидройк.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!