Ойпат, ойпатты жазық — ой, ойпаң жазық, мұхит деңгейінен есептегенде 200 м биіктікке дейін орналасқан, құрлықтағы айтарлықтай кеңістік алып жатқан жазық үлескісі (телімі).[1] Ойпаттың беткі жазықтығы теңіз деңгейінен төмен орналасқан түрлері де ұшырасады (Мысалы, Каспий маңы ойпаты).[2]
Ойпаттың жер беті жазық, төбешікті келеді. Қыраттарға қарама-қарсы бедер түрі. Негізінен, горизонталь жайласқан борпылдақ тау жыныстарының қабаттарынан тұрады. Ойпат[3]тектоникалық жолмен пайда болған теңіз және құрлық шөгінділерінен түзілген. Жер шарындағы едәуір ірілері: Амазонка, Атлант маңы, Үнді-Ганг, Тұран ойпаттары, Батыс Сібір ойпаты, т.б. Тауаралық ойпатқа Алтай тауындағы Шу ойпаты және Абай даласы, Кура-Аракс ойпаты; теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпатқа Каспий маңы ойпаты (–28 м) жатады. Адамдардың теңіз жағалауын құрғатудан пайда болған Нидерланд ойпаты бар.[4][5]
Дереккөздер
↑Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
↑Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.
↑Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0