Нәйлә Оразғұлқызы Базанова (11 қараша 1911 жыл, Бішкек – 11 қараша 1993 жыл, Алматы) — қазақстандық ғалым, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылыми докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1951), Қазақстан еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1932). 1932–1947 жылдары сол институтта ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, 1948–1951 жылдары эксперименттік биологиялық инститтутының директоры, 1951–1966 жылдары Қазақстан ғылым академиясының биологиялық және медициналық бөлімінің академигі-хатшысы, 1966–1986 жылдары Физиологиялық институтының директоры, ал 1986–1993 жылдары сол институттың құрметті докторы болды. Негізгі ғылыми еңбектері ірі қара малдың ас қорыту ерекшеліктерін және жас төлдің өсуі мен физиологиясын зерттеуге арналған. Ол малдың ішек-қарнындағы мембраналы ас қорыту механизімін ашып, ішек-қарын кенерісіндегі ас қорыту күйіс малына да тән екенін дәлелдеді. Малды пропион қышқылды ашытқыш қосылған сүрлеменің жаңа түрімен азықтандыруды ұсынды. Ленин орденімен, Қазан төңкерісі, Еңбек Қызыл Ту ордені, екі рет Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.[1]
Шығармалары
- Развитие регуляции кровообращения и дыхания у некоторых сельскохозяйственных животных в онтогенезе, А.-А., 1946;
- Функция молочной железы у сельскохозяйственных животных, А.-А., 1973 (соавт.);
- Пропионовокислые бактерии в силосовании и кормлении сельскохозяйственных животных, А.-А., 1977 (соавт.);
- Закономерности всасывательной деятельности желудочно-кишечного тракта, А.-А., 1985 (соавт.).
[2]
Дереккөздер
- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- ↑ Қазақ энциклопедиясы