Нұрғали Құлжанов

Құлжанов Нұрғали (1869/70, Торғай уезі – 1919, Семей) – мәдениет қайраткері.[1]

Орынбор оқытушылар мектебін бітірген. 1905 жылдан Семей мұғалімдер семинариясында ұстаздық еткен.

1906 жылы 1 қаңтарда 3 дәрежелі Әулие Станислав орденімен марапатталған.

1908 жылы Батыс Сібір география қоғамы Семей бөлімшесіне мүшелікке қабылдаған. Бөлімшенің тексеру комиссиясының құрамында болып, өлке тарихына қатысты ежелгі тарихи, музыка, фольклорлық мұраларды бөлімше мұражайына жинақтап тапсырған. 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арнап Н.Құлжановамен бірге әдеби кеш ұйымдастырды.

Қазақ”, “Бірлік Туы”, “Үш Жүз” газеттерінде мақалалары жарияланып тұрды.

1919 жылы Колчак жендеттерінің қолынан қаза тапты.[2]

Дереккөздер

  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!