Неаполь (Naples; итал.Napoli; лат.Neapolis) — Италияның оңтүстік бөлігіндегі қала. 993 386 тұрғыны бар (2001 жылғы санақ). Астанасы Кампании. Римнен бастап оңтүстік шығысқа қарай Неаполитанды шығанақтың солтүстік жағалауында орналасқан. Біздің дәуірімізге дейін 600 жыл бұрын көне грек отарлары негізін қалаған. Біздің дәуірімізге дейін 4 ғасырда римляндар басып алған. Византиялық империяның құрамына кіріп, сарациндер билігінде болды. 11 ғасырда Сицилиядағы норманндықтардың билеушілерімен басып алынды. 19 ғасырда қос Сицилия корольдығының және неаполитанды корольдығының астанасы болды. 1860 жылғы жорық кезінде Дж.Гарибальди әскері Неапольда тұрақтады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойқын атыстан кейін кеңес одағы мен Гармания тарапынан жапа шекті. Кейінірек қайта қалпына келтірілгенімен, 1980 жылғы жер сілкінісінен кейін зардап шекті. Неаполь – қаржы, мәдениет орталығы дамыған, ірі кемежай тұрағы мен кәсіпорны жетілген қала. Оның тарихи мәдениеті ретінде ортағасырлық құлыпты, шіркеуді, университеттерді айтуға болады.