Науру Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Наурудың намысын қорғайтын құрама. Ешқандай футбол ұйымына мүше емес. Сол үшін де Әлем чемпионаттарына да, ОФК Ұлттар кубогына да қатыса алмайды. Олардың қазіргі мақсаты — тым құрығанда NF-Board ұйымына мүшелікке өту.
Тарихы
Наурудағы ұлттық спорт түрі Австралия футболы. Өзінің футболдан ұлттық құрама командасы бар, бірақ елдегі кәсіби спортшылардың және үлкен стадиондардың жоқ болғанына байланысты ФИФА-мен және Океанияның футбол конфедерациясымен танылған жоқ. Ойыншылар формасының түсі — көк түсті, көлденең сары жолағы бар. Ұлттық құраманың күні бүгінге дейінгі алғашқы әрі соңғы басқа ел командасымен ойыны 1994 жылдың 2 қазанында өтті. Сол ойында Науру құрамасы Соломон аралдарының құрамасын 2:1 есебімен жеңді[1] . Науру құрамасы үшін бұл үлкен жеңіс саналды, өйткені Соломон аралдары жеңіске жететін басты үміткер болатын (олар сол жылғы Меланезия Кубогының жеңімпаздары).
Аралда бірнеше спорттық алаңдар және стадиондар бар: «Линкбелт Овал» (Айво округінде орналасқан, бірақ ол едәуір ескерген және халықаралық стандарттарға сай емес), Мененг стадионы (2006 жылы құрылған және 3500 көрерменді сыйдыра алады) және Дениг стадионы.