Мұхтар Рахымұлы Алшынбай


Мұхтар Рахымұлы Алшынбай
Мансабы: техникалық ғылымдар докторы , профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КaСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері

Мұхтар Рахымұлы Алшынбай (Алшынбаев) (26.1.1926 ж.т., Қызылорда облысы Сырдария ауданы) – техникалық ғылымдар докторы (1969), профессор (1973), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003) және Ресей ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1978), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1980).

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1951). 1951–1994 ж. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашалық институтында ассистент (1955–1956), кафедра меңгерушісі (1958–1965, 1968–1988), профессор (1988–1994) болды. 1994 жылдан Қазақ ауыл шаруашалығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылым кеңесшісі.

Негізгі ғылыми еңбектері ауыл шаруашылық машиналарын пайдалануға, оларды жетілдіруге, сонымен қатар топырақ өңдеуде, дәнді дақылдар себуде және жинауда, астық тазалау мен сұрыптауда, арамшөптерге қарсы күресте, жемшөп өндіруде, малға азық беруде қолданылатын машиналарды зерттеуге арналған. Еңбектерінде Қазақстан жағдайында алғаш рет егіншілік және мал ш-н механикаландыру құралдарының ғыл.-тәсілдемелік негіздерін жасады, жылжымалы а. ш. агрегаттардың жұмысшы бөліктерін зерттеуге статист. динамика ережелерін қолданып, ілімдік тұрғыдан түсінік берді. Суғармалы егіншілікті, атап айтқанда, күріш дақылын егіп-өсіруді механикаландырудың нақты мәселелерін қарастырды, яғни астық тазалағыш агрегаттарды, әр түрлі сепкіштерді дұрыс пайдалану, машина-трактор тіркесімдерінің қолайлы құрамын таңдау жөнінде тәжірибелік ұсыныстар енгізді.

Сондай-ақ, республиканың а. ш-на қажетті инж. мамандарды дайындауға үлкен үлес қосты.[1]

Шығармалары

  • Ауыл шаруашылық машиналары, А., 1979;
  • Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы, А., 1997

ОТбасы

Рақым Алшынбаев - әкесі, атақты педагог.

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!