Мұхаммед Жувейни (толық есімі: Ала Әд–Дин Ата Мәлік ибн Бехе әд–Дин Мұхаммед Жуайни, 1226 жылы туып, 1283 жылы қайтыс болған) — парсы тарихшысы, әрі мемлекет қайраткері.
«Тарих-и жаһангушай» (Әлемді басып алушының тарихы) атты еңбегінде Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сырдария өңірінің 12–13 ғасырлардағы тарихи сыртқы саяси жағдайы туралы жазған.
Өмірбаяны
Хулагу хан Иранды билеген тұста, 1256 жылы Жувейни Хорасанды биледі. Хулагудің жорықтарына бірге қатысып, көп оқиғаны көзімен көреді. Хулагу хан Бағдатты жаулап алған соң, Жувейниді, сол қаланың билеушісі етіп тағайындайды. Жувейни бірнеше ірі еңбектер жазып қалдырды. Олардың арасынан «Тарихи жаһангуйшай» («Әлемді бағындырушының тарихы») атты 3 томдық еңбегін ерекше атауға болады. Онда Шыңғыс хан империясының түркі, моңғол тайпалары туралы мол деректер келтірілген. Жувейни бұл еңбекті жеті жылда жазып бітірген.
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!