Мұхамет Ақтанов (1850, Орал облысы, Орданың орта бөлігі, Затон форпостының маңы – өлген жылы белгісіз) қазақтың алғашқы арнаулы білімді мал дәрігері. 1869 жылы Орынбор облыстық басқармасының жанындағы қазақ мектебінің дайындық класына түседі. 1870–1877 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 6 класс оқиды. 1877–1882 жылдары Қазан ветеринария институтында оқып, «мал дәрігері» мамандығы бойынша 160/570 нөмірлі диплом алған. Ақтанов — Ресей жоғары оқу орнында оқып, ресми түрде мал дәрігері мамандығын алған тұңғыш қазақ. 1883 жылы 23 қарашадан Ырғыз және Торғай уездерінің мал дәрігерлік бөлімін басқарды, 1884 жылы 4 желтоқсаннан Торғай уезінің мал дәрігері. «Коллеж секретарь» атағын алған (12 наурыз, 1890). Ол 1893 жылдың шілде айынан бастап Архангельск губерниясындағы селолық жерлерде мал дәрігері болып қызмет істеген. Бұдан кейінгі өмірі туралы дерек жоқ.[1]
Әдебиеттер
Ветеринария Казахстана, А., 1970 жыл.
Дереккөздер