Мұхамедғалиев Фазыл (15.11.1911 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Мешітқұм ауылы – 15.11.1989, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1949), профессор (1949), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1967), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген (1933). Осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі (1933–51), ректор (1951–57), Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті (1957–60), Қазақ КСР-і ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының директоры (1960–87) қызметтерін атқарған.[1]«Биоморфология дыхательной системы млекопитающих» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері жануарлар морфологиясы мен генетикасына арналған.[2]
Дереккөздер
- ↑ Биоморфология дыхательной системы млекопитающих
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Cілтемелер