Мұрат Құрмашұлы Гильманов



Дүниеге келгені: сәуір 23, 1942 (1942-04-23) (82 жаста)
Қырғызстан, Ош қ.
Мансабы: биология ғылым доктыры

Гильманов Мұрат Құрмашұлы (23.4.1942 ж.т., Қырғызстан, Ош қ.) – биология ғылым доктыры (1990 ж.), профессор (1992 ж.), Қазақстан ғылым академиясының акад. (2003 ж.).

ҚазМУ-ды (1966 ж., қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1968–1983 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 1983 жылдан Молекулярдық биология және биохимия институтында зертхана меңгерушісі. Гильмановтың негізгі ғылыми жұмыстары өсімдіктегі азот айналымының энзимологиясын зерттеуге арналған. Ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің минералды азот ассимиляциясы процесінің негізгі көзі – НАДФГДГ-ны (никотин-амида-денинди-нуклеотид-фосфат-глютамат-дегидро-геназа) алғаш рет тауып, маңызын дәлелдеді. Өсімдіктердің өсуіне қажетті гормон – цитокининнің молек. және клеткалық механизмдерін ашты. Гильманов бұрын зерттелмеген клетканың бір құрамдас бөлігі – сферосомалардың (фосфатидилинозитол мен белоктарды сақтауға қатысады және цитокинин сигналын жүзеге асырады) құрылымы мен қызметін анықтады. Ол сонымен қатар глютаматтың қайтымсыз ыдырауын жүзеге асыратын ферментті алғаш рет тауып, сипаттады. Гильмановтың басқаруымен жүргізілген зерттеулер гүлді өсімдіктердегі азот айналымының негізгі сатыларын реттеуде және оның негізгі функциясын түсінуде, практикалық биотехнология жаңа мүмкіндіктер ашты.[1]

Дереккөздер

<references>

  1. Қазақ Энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!