Мұрат Жұрынұлы Жұрынов

Мұрат Жұрынұлы Жұрынов
Мұрат Жұрынұлы Жұрынов
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының Білім министрі
1995 жыл — 1997 жыл
Ізашары Ережеп Мәмбетқазиев
Ізбасары Иманғали Тасмағамбетов
Өмірбаяны
Партиясы Нұр Отан
Білімі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Ғылыми дәрежесі Химия ғылымдарының докторы
Мамандығы Химик, инженер-технолог
Дүниеге келуі 7 желтоқсан 1941 (1941-12-07) (83 жас)
Арыс
Ғылыми қызметі
Ғылыми аясы ҚР ҰҒА академигі

Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі

Мұрат Жұрынұлы Жұрынов (7 желтоқсан 1941 жыл, Арыс, Қазақ КСР) — қазақ ғалым және химик, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті. 1995-1997 жылдары ҚР Білім министрлігін басқарды.

Білімі

  • 1959-1964 ж.ж. – Қазақ химия-технологиялық институты (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.),

мамандығы – электрохимиялық өндірістердің инженер-технологы.

  • 1967-1970 ж.ж. - Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтының аспирантурасы (РХТУ), Мәскеу қ, мамандығы – электрохимия.

Ғылыми дәрежесі

1970 ж. – химия ғылымдарының кандидаты.  Д.И. Менделеев атындағы МХТИ, Мәскеу қ. 1981 ж. - химия ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қ. 1989 ж. -  ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. 1994 ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі

Кәсіби тәжірибесі

  • 1965-1967 ж.ж. – ҚазХТИ оқытушысы, Шымкент қ,
  • 1967-1970 ж.ж.- Д.И.Менделеев атындағы МХТИ аспиранты, Мәскеу қ.
  • 1970-1982 ж.ж. – ҚазХТИ-де аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, факультет деканы, Шымкент қ.
  • 1982-1985 ж.ж. – Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры, Қарағанды қ.

1985-1991 ж.ж. - ҚазССР ҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры, Қарағанды қ.

  • 1991-1995 ж.ж. – А. Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры, Түркістан қ.
  • 1995-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Білім министрі, Алматы қ.
  • 1997-2001 ж.ж. – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті, Түркістан қ.
  • 2001 – 2007 ж.ж, 2013 ж. бастап – «Д.В. Сокольскийатындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ Бас директоры, Алматы қ.

2003 ж. бастап – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті, Алматы қ.

  • 2015-2016 жж. – Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялар одағының тұңғыш президенті (қоғамдық негізінде).
  • 2016 ж. – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды (қоғамдық негізінде).

Қосымша мәліметтер

  • Қоғамдық қызметі: ҚР Ұлттық Кеңсінің мүшесі, ҚР «Нұр Отан» партиясының Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстанның демократиялық күштер коалициясының мүшесі, ЮНЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық Комиссиясының мүшесі, «ҚР ҰҒА Баяндамалары» журналының бас редакторы, Ресей ғылым академиясының «Электрохимия» журналының редколлегия мүшесі.
  • Ғылыми жұмыстары: 770-тен аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 20 монографиясы, 143-тен астам авторлық куәлігі және  патенттері бар, 7 ғылым докторын, 40-жуық ғылым кандидаттарымен PhD-докторларын даярлады.
  • Наградалары: «Парасат» ордені (2005 ж.), ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2011 ж.), ІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016 ж.), ҚР білім, ғылым және техника саласында Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты (2003 ж.), Түрік дүниесі халықаралық сыйлығының лауреаты (Анкара, 2001 ж.), Токио университетінің алтын медалі (2001),Франция ғылыми-өндірістік қоғамының (Париж, 2003 ж.) және Украина ҰҒА «Золотая фортуна» қоғамының алтын медальдары (2006), Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының Құрмет белгісі және РФ «Разум, честь и доблесть» атты ордені (Ресей, Мәскеу қ., 2013 ж.).
  • Атағы: ҚР ҰҒА академигі, Тәжікстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының, Молдова Ұлттық ғылым академияларының шет елдік мүшесі (академигі), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Беларусь Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жаңа материалдар химия институтының құрметті докторы, Джорджтаун университетінің (Вашингтон қ.), Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-нің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университітінің және т.б. университеттердің  құрметті профессоры (1996-2016 ж.ж).

Оңтүстік Қазақстан облысының және Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының, Созақ және Түлкібас аудандарының, сондай-ақ Кентукки штатының Луисвилл қаласының (АҚШ) құрметті азаматы.

  • Тілді білуі: қазақ, орыс және түрік тілдерін еркін меңгерген, неміс және ағылшын тілін орташа меңгерген.
  • Компьютерді меңгеруі: Компьютерлік техниканы қолданушы режимінде еркін меңгерген.'
  • Жеке қасиеттері: жауапкершілік, мақсаттылық, ұйымдастырушылық және басқару қабілеттері жоғары.

Марапаттары

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!