Мыңжылқы, Бессаз – Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау басы.
Жер бедері, геологиялық құрылымы
Абсолюттік биіктігі 2176 м. Протерозойдың метаморфтанған жыныстарынан түзілген. Беткейлерінен бірнеше шағын өзендер (Байылдыр, Біресік, тағы басқа) бастау алады.
Өсімдігі
Оңтүстік етегінде бұта аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптесіндер, ал солтүстігінде баялыш, сұр жусан аралас эфемерлі өсімдіктер өседі.[1]
Дереккөздер