Мырзағазы Есполов

Мырзағазы Есполов(1896, Қостанай маңы — 1936) — Алаш қозғалысының қайраткері, журналист, публицист, педагог.

Өмірбаяны

Айқап” журналына, “Қазақ газетіне” ауыл жағдайы, жер мәселесі, ұлт-азаттық қозғалысы туралы мақалалар жазып тұрған. Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін Батыс майданы штабы жанынан құрылған түз халықтары өкілдері бөлімінің жұмысына белсене араласқан. Ақпан төңкерісінен кейін қазақ комитеттерін құруға, жалпықазақ съездерін шақыруға қатынасқан Алаш қозғалысының белсенді қайраткері.

1917 жылы желтоқсанда құрылған Алашорда үкіметінің әскери бөлімінде қызмет атқарып, Алаш милициясын жасақтауға көп еңбек сіңірді. 1920 жылдан халық ағарту саласында еңбек етіп, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтында оқытушылық қызмет атқарды. Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің зардабын тартып, 1929 жылы тұтқынға алынды да, 1930 жылы сәуірде 10 жылға Соловецк лагеріне айдалды. 1936 жылы лагерьде жүріп қайтыс болған.[1]

Дереккөздер

  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!