Мойыл (лат.Padus) – раушангүлдер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар.
Ботаникалық сипаты
Биіктігі 10 метрге жуық.
Қабығы қоңыр, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Сағақтары ұзын, эллипс тәрізді, шеттері өткір ара тісті. Оның жоғарғы жағындағы жапырақтарының шеттерінде бездері бар.
Гүлдері майда, ақ түсті, шоғырланып төмен салбырап тұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен.
Жемісі – қара сүйекше. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.
Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. 2 түрі бар. Жиі кездесетін түрі – кәдімгі мойыл (Prunus padus).
Қолданысы
Мойылдан бояуыш зат және дәрілік препараттар алынады. Олар балды және әсемдік өсімдіктер. Сүрегі мықты, ағаш өңдеу шауашылығында қолданылады. Жемісімен құстар қоректенеді. Мойылдар мәдени түрде де өсіріледі.
Дереккөздер
↑Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!