Моисей Израилевич Корсунский (19.4.1903, Ресей, Ростов қаласы – 6.10.1976, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1945), профессор (1944), Қазақстан ҒА-ның академигі (1962).
1926 - Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтын бітірген.
1926-1928 - Ленинград Физика-техникалық институтының аспирантурасында оқыған. Т
1929-1934 - Омбы Сібір физика-техникалық институтында лаборатория жетекшісі,
1934-1938 - Украинадағы Харьков фармацевтика институтында кафедра меңгерушісі, Украина физика-техникалық институтында бөлім бастығы,
1952-1962 - Харьков авиация институтында кафедра меңгерушісі, Харьков политехникалық институтында профессор қызметтерін атқарған.
1962-1976 - Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында бөлім меңгерушісі болды.