Сұр заттың қалыңдығы 1 – 5 мм-дей. Мидың бұл бөлігі эволюциялық даму барысының соңғы кезеңінде пайда болып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметін жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады.
Сүтқоректілер мен адамдарда жаңа Ми қыртысы өте жақсы дамыған. Адамның Ми қыртысының 95,6%-ы осы неопаллиумнан түзіледі. Ми қыртысының құрылысы мен ондағы нейрондардың орналасу реті оның әрбір бөлегінде әр түрлі болады. Мұны Ми қыртысының цитоархитектоникасы деп атайды. Ми қыртысының қалыңдығы 1,3 – 5 мм-дей. Ми қыртысы шамамен 10 – 14 миллиарднейрондардан тұрады. Олардың әрқайсысы мыңдаған басқа нейрондарменсинапс арқылы байланысқан. Олардың пішіні әр түрлі: пирамида, жұлдыз, ұршық, тағы басқа тәрізді болады.
Адам Ми қыртысының ең жақсы жетілген қатпарларында нейрондардың алты қабатын ажыратуға болады:
Ми қыртысы мидың басқа бөлімдерімен өте тығыз байланыста болады. Ми қыртысында барлық сезім органдарының соңғы орталықтары орналасқан. Мұнда сыртқы ортадан және организмнің өзінің ішкі ортасынан келген түрлі тітіркендіргіштер талданып, оларға жауап қайтарылады. Адамның сөйлеуі мен ойлауы үлкен ми сыңарларындағы Ми қыртысының барлық бөліктерінің қатысуымен ғана жүзеге асады.[1]