Басқа мағыналар үшін Михайловка деген бетті қараңыз.
Миха́йловка — Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл, Михайлов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Железинка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2313 |
▼1431 |
▼1192 |
83,3 |
704 |
▼597 |
84,8 |
727 |
▼595 |
81,8
|
Тарихы
Іргесі 1906 жылы “Ыстықкөл” қонысы орнында қаланды. 1928 жылға дейін Максим Горький ауданының, 1935-44 жылдыры Өрлітөбе, 1944-57 жылдыры Михайлов ауданы, 1957- 64 жылдыры қайтадан Өрлітөбе ауданы құрамында болған. 1964 жылдан Железин ауданының құрамында. 1961-95 жылдыры сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде “Михайловский” ӨК құрылды.
Дереккөздер