Мерғали Қадылбеков

Мерғали Қадылбеков

A.
Павлодар.

Мерғали Қадылбеков (1907, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаманқыстау ауылы – 27.2.1938, Алматы қ.) – ғалым, алғашқы қазақ геолог-инж-нің бірі.

Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан[1]. Мәскеу тау-кен ин-тын (1928) бітірген. 1928–30 ж. Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңіріне және Қырғызстан жеріне геол. барлау жасаған экспед-ның бастығы болды. 1930 ж. Шымкент қорғасын з-тына қажетті шикізат қорын іздеу мақсатында Қаратау, Іле және Жетісу Алатауындағы Ащысай, Қарасай, Хантағы, Байжансай, Қастек, Қаскелең, Ұзынсу, Шынасылсай, т.б. кен орындарының зерттелуіне жетекшілік етті. «Қазақполиметалл» тресін ұйымдастырушылардың қатарында болды. Орт. Қазақстан жерінен қорғасын, мырыш, мыс, т.б. аса бағалы полиметалл кендерін тапты. Қарағайлы және Қайрақты түсті металл (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш (Алматы облысы) кен орындарын ашты. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қ. маңындағы Мырғалымсай қорғасын-мырыш-барит кен орны Қ. есімімен аталған. Оның қазақ тілінде жазған ғыл.-зерт. еңбектері баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Тех. кітаптарды қазақшаға аударуды ғыл. жолға қою мәселесін көтеріп, геол. мен тау-кен ісі жөнінде терминологиялық сөздік жасады. Текелі кен басқармасының бас инж. қызметін атқарып жүргенде 1937 ж. 30 мамырда тұтқындалып, Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі деген жалған айыппен сотталып, ату жазасына кесілді. КСРО Жоғ. соты Әскери алқасының шешімімен 1960 ж. 11 маусымда ақталды.[2]

Сыртқы сілтемелер

Мұхит

Дереккөздер

  1. Серік Имантайұлы Жақсыбаев Қаржас ұрпақтары — Павлодар: ЭКО, 2008. — 400 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-08-265-0.
  2. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!