Мейірбек Молдабекұлы Молдабеков

Мейірбек Молдабекұлы Молдабеков
Туған күні

20 шілде 1947 (1947-07-20) (77 жас)

Туған жері

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ғылыми аясы

Телемеханика және Автоматика

Жұмыс орны

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының орынбасары

Ғылыми дәрежесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Техника ғылымының докторы, профессор

Альма-матер

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Марапаттары


Құрмет ордені
Құрмет ордені
Ерен еңбегі үшін
Қазақстан мемлекеттік сыйлығы

Мейірбек Молдабекұлы Молдабеков (20 шілде, 1947 жылы Қызылорда облысы Төменарық ауылында туған) — ғалым. ҚР ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (1997 жылдан). Досмұқасан ансамбльінің негізін қалаушылардың бірі әрі музыканты. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiнің төрағасының орынбасары (2008 жылдан).

Өмірбаяны

1970 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Автоматика және телемеханика», 1975 жылы Мәскеу авиациялық институтын «Қолданбалы математика» мамандықтары бойынша бітірген. 1976 жылы Мәскеу авиациялық институтының аспирантурасын (1976) бітірген. 1977 жылы техника ғылымдарының кандидаты, 1990 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежелеріне ие болған. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жоғары сыныпты механизмдер мен манипуляциялық құрылғылардың талдануы мен түзілуінің талдамалы әдістері, автоматтандырылған жобалануы». Доцент (1980), профессор (1991 жылдан). Ұлттық ғылым академиясының (2003 жылдан), Ұлттық инженерлік академияның (1997 жылдан), К.Э. Циолковский атындағы Ресей космонавтика академиясының академигі (1998 жылдан). Халықаралық астронавтика академиясының корреспондент-мүшесі (2008 жылдан). 1970 жылдан - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты автоматика және телемеханика кафедрасының ассистенті , техникалық кибернетика кафедрасының тәжірибеші-зерттеушісі. 1972 жылдан -Мәскеу авиациялық институтының кешкі инженерлік легінің студенті; 1973 жылдан - аспиранты. 1977 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері аға оқытушысы, доценті, механика және қолданбалы математика факультеті деканының орынбасары. 1988 жылдан - ҚазКСР ҒА Математика және механика институтының жетекші, бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА Механика және мәшинетану институтының зертхана меңгерушісі. 1993 жылдан - ҚР Ұлттық аэроғарыш агенттігі бас директорының орынбасары - «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы. 1997 жылдан - ҚР ҒА - Ғылым министрлігі Ғылыми мамандарды аттестациялау департаментінің директоры; 1998 жылдан - Ұлттық аэроғарыш агенттігінің директоры. 2001 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары. 2005 жылдан - «Қазақғарыш» ҰК» АҚ басқармасының мүшесі. 2007 жылдан - «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ вице-президенті ( Астана қаласы). 2008 жылдың тамызынан бері - ҚР Ұлттық ғарыш агенпі төрағасының орынбасары.

Ғылыми жұмысын Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» орталығы» АҚ жобаларының ғылыми жетекшісі лауазымымен қоса атқарады. Ғылыми-танымдық және көсемсөздік жұмыстардың, сонымен бірге 175 ғылыми мақала мен жарияланымның, 9 оқу-әдістемелік зерттеменің авторы. Сол сияқты, ол 14 авторлық куәлік пен патенттің авторы.

Ғылыми еңбектері

Оқу құралдары

  • «Еркіндіктің көп деңгейін иеленген жоғары сыныпты механизмдердің түзілуі» (1989)
  • «Жоғары сыныпты механизмдер мен манипуляциялық құрылғылардың автоматтандырылған жобалануы» (1989)
  • «Жоғары сыныпты механизмдер мен манипуляциялық құрылғылардың талдануы мен түзілуі», «Жоғары сыныпты механизмдердің талдануы мен түзілуінің талдамалы әдістері» (1997)
  • «Көпдүркінді дәл нүктелі сым тартатын орнақтардағы сым темірлердің керілуін тұрақтандыру» (1998)
  • «Тетікті механизмдерді автоматтандырылған динамикалық талдау әдістері мен алгоритмдері» (2001)
  • «Механизмдер мен мәшинелер динамикасының математикалық үлгіленуі» оқу құралы (1998)

Авторлық куәліктері мен патенттері

  • «Көп қозғалысты электр жетегі» (1988)
  • «Дәлнүктелі сым тартатын орнақтардағы сым темірлердің керілуін өлшеуге арналған құрылғы» (1988)
  • «Топсалы-тетікті механизм» (1988)
  • «Көп қозғалысты электр жетегі» (1989)
  • «Топсалытетікті механизм» (1989)
  • «Дәл кідіріспен сырғитын қос иінді-сырғымалы механизм» (1989)
  • «ДСП грейферлік механизмі» (1991)
  • «Қойылмадағы балқытпаның беткі қабатынан тотықтарды алып тастауға арналған құрылғы» (1991)
  • «Қос иінді-сырғымалы механизм» (1991)
  • «Робот-манипуляторды автоматтық басқаруға арналған құрылғы» (1993)
  • «Робот жетегін басқару жүйесі» (1996)
  • «Жетекті басқарудың дағдыланған жүйесі» (1998)
  • «Жұмсартқыш ілгіштердің атқарылу механизмі» (2002)

Ғылыми атағы

Мемлекеттік Марапаттары

Отбасы

Әкесі — Шілманов Молдабек, марқұм, қызметкер болған. Анасы — Әбуова Шекер, марқұм, жұмысшы болған. Үйленген. Жұбайы - Айтхожаева Жамалханқызы (1949 жылы туған), Алматы қаласы Соғыс ардагерлері емханасының терапия бөлімінің меңгерушісі. Қызы - Молдабекова Әлия (1976 жылы туған); ұлы - Молдабеков Ержан (1980 жылы туған). Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!