Мах Саны, М-саны – белгілі бір нүктедегі ағын жылдамдығының (n) сол нүктедегі дыбыс жылдамдығына (а) қатынасына тең газ ағынының негізгі сипаттамасы: М=n /а. Дене газ ішінде қозғалғанда, М. с. дене жылдамдығының осы ортадағы дыбыс жылдамдығына қатынасы арқылы өрнектеледі. Бұл сан австриялық физик Э.Махтың есімімен аталған. М. с. — гидроаэромеханикадағы ұқсастық жағдайларының негізгі критерийінің бірі және ол газ сығылғыштығының оның қозғалысына әсерінің өлшемі болып табылады. '
- М<<1' болса, онда газдарды сығылмайтын деп есептеуге болады.
- Жылдамдық >100 м/с болғанда, ауа сығылғыштығын ескеруге тура келеді. Бұл кезде М>0,3 болады.
- М<1 болғанда ағын дыбысқа дейінгі, М=1 болғанда дыбыстық, ал M>1 болғанда дыбыстан тез (шапшаң) ағын деп аталады.
- М>5 ағын облыстарында (гипердыбыстық ағын) газдағы физ.-хим. түрленулер айқын байқалады.
[1]
Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
Сілтемелер
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы