Маршалл жоспары

Маршалл жоспары (ағылш. Marshall Plan, ресми атауы ағылш. European Recovery Program – «Еуропаны қайта құру бағдарламасы») — Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықпалын жаю үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы). Жоспарды жүзеге асыруға Еуропаның 17 елі, соның ішінде Батыс Германия да қатысты.

Маршал жоспарының алғашқы беті (ағыл.)
Маршалл жоспары бойынша көмек алған елдер (қызыл баған биіктігі салыстырмалы түрдегі көмек деңгейін көрсетеді).

Алғаш рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Кэтлетт Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. маусым — шілде айларында жеңімпаз державалар (АҚШ, Ұлыбритания, КСРО және Франция) Сыртқы істер министрлерінің Париж Кеңесінде талқылауға ұсынды. М. ж-н Ұлыбритания мен Франция қолдады. КСРО және Албания, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехословакия, Югославия мен Финляндия М. ж-на қатысудан бас тартты. Жоспардың шарттарын 16 мемлекетҰлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург, Швеция, Норвегия, Дания, Ирландия, Исландия, Португалия, Австрия, Швейцария, Грекия мен Түркия мақұлдады. Бұл мемлекеттер қатарына 1948 ж. Бат. Германия қосылды. М. ж-н қабылдаған елдер 1947 ж. шілдеде “Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасын” жасайтын экон. қатынастар ұйымын құру жөніндегі конвенцияға қол қойды. Қаржының таратылуы АҚШ үкіметінің бақылауында болды. АҚШ М. ж-ның көмегімен Бат. Еуропадағы экон. дағдарыс қарқынын едәуір баяулата отырып, аталған аймақты өз ықпалында ұстады. Нәтижесінде 1949 ж. 4 сәуірде Вашингтонда 12 мемлекеттің қатысуымен (АҚШ, Канада, Франция, Италия, Исландия, Ұлыбритания, Норвегия, Голландия, Дания, Бельгия, Люксембург, Португалия) Солт. Атлантик. пактіге (НАТО) қол қойылды. АҚШ үкіметі федералдық бюджет есебінен жоғарыда аталған елдерге 17 млрд. долл. көлемінде жәрдем берді. Бағдарлама 1948 жылының сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына дейін созылған. Жәрдемнің басым көпшілігін Ұлыбритания, Франция, Италия мен ГФР пайдаланып, өздерінің экон. қуатын қалпына келтіруге біршама мүмкіндік алды. Жәрдем бөлуінің шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықбалынан және коммунисттік идеологиясының әсерінен сақтап, оларды экономика тарапынан өзіне қарай жақындатқан. Маршалл жоспары арқылы жиырма жыл ішінде көмек алған елдер бүкіл халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізді.

Маршалл жоспары бойынша жәрдем алған мемлекеттерінің тізімі:

[1]

Дереккөздер

Андри К., План Маршалла, М., 1950.Н. Мұхамедиұлы
"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

Сілтемелер

  1. Қазақ Энциклопедиясы



Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!