Маргарет Хильда Тэтчер, баронесса Тэтчер (ағылш.Margaret Hilda Thatcher, Baroness Thatcher, туған тегі Робертс; 13 қазан1925 жыл, Грэнтем — 8 сәуір2013 жыл, Лондон) — британиялық саясаткер, заңгер, 1979–1990 жылдары елдің премьер-министрі. Премьерлігі кезінде орнатқан экономикалық саясаты кейін тэтчеризм деп аталып кеткен. Кеңестік журналис оны «темір ханым» деп атады, бұл лақап ат оның ымырасыз саясаты мен көшбасшылық стилімен байланысты болды.
Маргарет Тэтчер — Ұлыбритания және Еуропа тарихындағы тұңғыш әйел премьер-министр, XX-ғасырда ең ұзақ қызмет еткен үкімет басшысы. Тэтчер Оксфордтағы Сомервилль-колледжінде химия оқыды және адвокат болғанға дейін химик болып жұмыс істеді, 1959 жылы Финчли ауданынан парламентінің мүшесі болып сайланды. Эдвард Хит Тэтчерді өзінің 1970–1974 жылдардағы үкіметінде Білім және ғылым жөніндегі Мемлекеттік хатшы етіп тағайындады. 1975 жылы ол Консервативті партияның көшбасшылық сайлауында Хитке қарсы жеңіп, Оппозиция басшысы және Ұлыбританиядағы ірі саяси партияны басқарған алғашқы әйел болды.
1979 жылғы жалпы сайлаудағы жеңісі нәтижесінде премьер-министр болғаннан кейін Тэтчер сол кезде елінде болған жоғары инфляцияға қарсы бағытталған бірқатар экономикалық саясаттарды енгізді. Оның саяси философиясы мен экономикалық саясаты дерегуляция (әсіресе қаржы секторында), мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке айналдыру және кәсіподақтардың күші мен ықпалын азайтуға баса назар аударды. Оның қызметтегі алғашқы жылдарындағы танымалдығы экономикалық қиыншылықтар мен жұмыссыздықтың өсуі нәтижесінде төмендеді. 1982 жылғы Фолкленд соғысындағы жеңісі және қалпына келе жатқан экономика қолдаудың жандануына әкелді, нәтижесінде ол 1983 жылы қайта сайланды. Ол 1984 жылы Брайтон қонақүйіндегі жарылыста Уақытша ИРӘ жасаған қастандықтан аман қалды және 1984–85 жылдардағы кеншілер ереуіліндеҰлттық кеншілер одағына қарсы саяси жеңіске жетті.
Британ саясатындағы даулы тұлға болған Тэтчер соған қарамастан қоғамдық пікірде жақсы бағаланады. Оның қызмет ету мерзімі Ұлыбританиядағы неолибералдық саясатқа қайта бейімделу болды және оның тарихи ізі XXI-ғасырдың өзінде де талқылануда.
Маргарет Хильда Робертс 1925 жылдың10 қазанында, ЛинкольнширдыңГрантем қаласында, бақалшы отбасында дүниеге келдi. Әкесі — Альфрэд Робертс (1892–1970) және анасы — Беатрис Этэл Стивенсон (1888–1960).[1]
Робертс өзінің балалық шағын Грантамда өткізді, онда әкесі темекі мен азық-түлік дүкендеріне ие болды. 1938 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында Робертс отбасы нацистік Германиядан қашып кеткен жасөспірім еврей қызға қысқа мерзімге көмек берді. Маргарет өзінің қаламдас әпкесі Мюриэльмен жасөспірімнің жол ақысын төлеу үшін қалта ақшасын жинады.[2]
Альфред олдермен, методис болған және балаларын христиандық тәртіппен тәрбиелеген. Партиясыз болған Альфред Робертс 1945–1946 жылдары аралығында Грантам мэрі болған.[1]
Робертс Хантиңтауэр Роуд бастауыш мектебінде оқып, Кестивен мен Грантхэм қыздар мектебіне(ағыл.)қаз., гимназияға шәкіртақы ұтып алды.[1] Оның мектептегі есептері қажырлы еңбек пен үздіксіз жетілдірілетінін көрсетті; оның сабақтан тыс іс-шараларына фортепиано, допты хоккей, поэзиялық кештер, жүзу және серуендеу кірді.[1][3]
1970 жылы Ғылым және білім беру министрі болып тағайындалғанынан кейін Тэтчер Ұлыбритания құпия кеңесінің мүшесі болды.[4] 1992 жылы оған Кестивен баронессасының атағы, өзінің жеке елтаңбасы және Лордтар палатасындағы өмірбақи орны берілді.[5]
Маргарет Тэтчер, оған қоса, бірнеше қаланың құрметті азаматы болып аталған: