Макдиси әл-Мутаххар Ибн ТаҺир

Макдиси әл-Мутаххар Ибн ТаҺир (туып – өскен жылы белгісіз) – 10 ғасырда өмір сүрген араб ғалымы. Ол жайында Систандағы Буст қаласында тұрды деген дерек қана сақталған. Ныспысына қарағанда палестиналық болса керек. 10 ғасырдың орта шенінде Самани әулеті уәзірінің өтініші бойынша, Макдиси 22 тараудан тұратын «Китаб әл-бәд ва-т-тарих»Дүниенің басталуы мен тирихи кітабы») атты энцклопедия мәнзелдес еңбек жазды. Бұл шығарма негізінен мұсылман теологиясы, арабтардың тарихы мен генеалогиясы, 961 жылға дейінгі халифат тарихы, Иранның ежелгі патшаларының тарихы, география т. б. бөлімдерден тұрады. Дені тұтастай көшірме болғанымен, автор өзі куәгер болған жәйттерді де қоса пайдаланды. Оның ішінде, әсіресе түрлі халықтардың діни ғұрыптары, түріктердің діні жайлы жазбалары айрықша орын алады. Шығарма француз тілінде жарық көрді (1899-1919).

Дереккөздер

Крачковский И.Ю., Арабская географическая литература, Избрананное сочинение., том 4, М.-Л., 1957; Арабскме источники X – Xll веков по этнографии и истории Африки южнее Сахары, М.-Л. 1965.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!