Лодзь (пол. Łódź [wut͡ɕ] (ақп.) — «қайық») — Польшаның ірі қалаларының бірі. Польша астанасы Варшава қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 120 километр жерде орналасқан. Поляк тоқыма және электронды өнеркәсібінің орталығы болып саналады. 13 ғасырда құрылған бұл елді мекен 1423 жылы қала статусын иеленген.
Лодзь - Лодзин воеводтығының ірі қаласы және орталығы. Халық саны 770 мың адамды құрайды және ақырындап кемуде (2011 жыл — 737 098 ).[1] Лодзь 1990-шы жылдары халық саны жөнінен Польшада Варшавадан кейінгі екінші орында болған, алайда 2000-шы жылдары бұл орынды Краков қаласына берді.
Лодзь 1940—1944 жылдары Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде генерал болған Карл Лицманның құрметіне Лицманштадт деп аталған.
Дереккөздер
- ↑ Демографический ежегодник Польши 2011 (Demographic Yearbook of Poland 2011) (польск.)
Сыртқы сілтемелер