Ла-Манш бұғазы, Ағылшын каналы (фр. la Manche [ХФӘ (фран.): [la mɑ̃ʃ]], ағылш. English Channel [ХФӘ: [ˈɪŋ.glɪʃ ˈtʃæn.(ə)l]]) — Батыс Еуропаның солтүстік жағалауы мен Британия аралығындағы бұғаздарымен Па-де-Кале бұғазымен бірге Солтүстік теңізбен, Атлант мұхитымен жалғастырады.
Ұзындығы 578 км, ені батысында 250 км, шығысында 32 км. Фарватердегі тереңдігі 23,5 м, ең терең жері 172 м. Бұғаздың шығыс бөлігі қайраңды келеді. Батыстан соққан желдер (жылдамдығы 3 км/сағ) бұғаздың шығыс ағысына өз әсерін тигізіп отырады. Солтүстік және Балтық теңіздері жағалауларындағы елдерден Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Азия және Австралияға баратын жолдар осы бұғаз арқылы өтеді. Бұғаз астынан автомобиль және поезд жүретін Лондон — Париж су асты жолы (туннель) салынған (1994). Басты порттары — Портсмут, Саутхемптон, Плимут (Ұлыбритания), Гавр, Шербур (Франция).
Сыртқы сілтемелер