Лабрадор түбегі — Солтүстік Американың солтүстік бөлігіндегі түбек.
География
1,6 млн км2 жерді алып жатыр. Лаврентий таулы үстіртінің шығыс бөлігін құрайды.
Климат
Жері төбелі, қырқалы, субтропиктік және қоңыржай климатты, көлді келеді. Биіктігі 500-800 м, ең биік жері Торнгат тауы - 1621 м. Жағалауына Солтүстік мұзды мұхит және суық Лабрадор ағысы күшті әсер етеді. Көп жылдық тоң кеңінен тараған. Қаңтардағы орташа температура -12°-28°C, шілдеде 9°-15°C. Жылдық жауын-шашыны 250-1200 мм.
Табиғат
Сирек қылқанды орман өседі. Темір, никель және мыс кендері кездеседі.