Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев

Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
Туған күні

3 маусым 1938 (1938-06-03)

Туған жері

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе

Қайтыс болған күні

22 маусым 2020 (2020-06-22) (82 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Азаматтығы

 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ғылыми аясы

экономика ғылымдары

Жұмыс орны

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Экономика Институтының аға ғылыми қызыметкері (2006 жылдан)

Ғылыми дәрежесі

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Альма-матер

С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті

Марапаттары


Құрмет белгісі ордені Ленин 100 жыл
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызыметкері ҚР Ғылымын дамутуға сіңірген еңбегі үшін

Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев (3 маусым, 1938 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында туған — 22 маусым 2020, Алматы, Қазақстан ) — экономист - ғалым, жоғарғы мектеп ұйымдастырушысы, қоғам және саяси қайраткер. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1996). ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Бірнеше Халықаралық және шетелдік ғылым академиясының академигі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Экономика Институтының аға ғылыми қызыметкері (2006 жылдан).

Толығырақ

1964 жылдан Алматы халық шаруашылық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 1976 – 87 жылдары Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, министрі, 1987 – 90 жылдары Қазақстан ҒА Экономика институтында жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1990 – 91 жылы Қазақ КСР Министер Кеңесінің Экономикалық реформалар жөніндегі Мемлекеттік Комиссиясы төрағасының орынбасары. 1991 – 2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың ректоры, 2001 – 02 жылы ҚР Премьер-министрінің білім және ғылым саласы бойынша кеңесшісі. 2002 жылдан Алматы технологиялық университетінің оқу-әдістемелік мәселелері және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры. Нәрібаев бухгалтерлік есеп негіздері, оны ұйымдастыру, есеп ақпаратын өңдеу әдістемесі, экономикадағы ғылыми зерттеулер әдістемесі, халықар. экон. қатынастар, экономиканы басқару, білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша 260-тан астам ғылыми еңбектер жазды, оның 30-ға жуығы монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары. Бірқатар еңбектері АҚШ,Англия, Германия,Франция, т.б. шет мемлекеттерде жарық көрді. 10 (1983) және 11 (1987) сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

  • 2000 ж. Англиядағы халықаралық Кембридж орталығында Нәрібаевқа “Халықаралық жыл адамы” деген құрметті атақ берді, 2001 жылы осы орталық оны халықаралық аса көрнекті 500 қайраткер – “ХХІ ғасырдың негізін қалаушылар” қатарына қосты.

Білімі

Ғылыми атақтары

Марапаттары

Әдебиеттер

Әдебиеттер: Есеп жұмыстарын механикаландыру, А., 1971; Организация и методология бухгалтерского учета в условиях АСУ, М., 1983; Менеджмент, А., 1998; Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции, А., 1998; Методы научных исследований в экономике, А., 1999; Международные экономические отношения, А., 2001.

Дереккөздер

Сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!