Корольдік Шекспир театры

Корольдік Шекспир театры 2011 жылы, солтүстік қасбеті және мұнарасы.

Корольдік Шекспир театры (ағылш. The Royal Shakespeare Theatre (RST)) Корольдік Шекспир компаниясымен ағылшын драматургы және ақыны Уильям Шекспирдің құрметіне ашылған 1,040+ көрерменді сыйдыратын ашық сахыналы театр.[1] Ол Стратфорд-апон-Эйвон қаласында орналасқан – Шекспирдің туған жері – Эйвон өзеніндегі Мидленд аймағы. Корольдік Шекспир театры және Аққу театры қайта құру жұмыстарынан кейін 2010 жылдың қарашасында ашылды.

Тарихы

Театрдың ішкі көрінісі (сахна және көрермендер залы).

Корольдік Шекспир театры 1926 жылдың 6 наурызында жойқын өрт нәтижесінде жанып кеткен ескі Шекспир мемориалдық театрдың (1879 жылдың 19 сәуір күні ашылған) аумағында 1932 жылы қаланды. Жаңа театрге ескі театрдың атауы берілді. Жобаның сәулетшісі Элизабет Скотт. Театр сол кездегі Англиядағы әйел басшылығымен жүзеге асырылған алғашқы маңызды сәулет жобасы болған.[2] 1961 жылы, Корольдік Шекспир компаниясының құрылғанына бір жыл өткеннен кейін, театрге Королдік Шекспир театры деген жаңа атау берілді.

Элизабет Скоттпен жобаланған үш қабатты (партер, бельэтаж және балкон) театр ғимаратында италиялық қорап пішінді сахна құрастырылған, ал көрермендер залы 1400 орынға есептелген. Кейін, шетінен екі жаңа қабат қосылды, ал қосымша алаңның пайда болуына байланысты, сахна просцениум артына жылжытылды. Балкондағы орындарға тек қана арнайы қосымша баспалдақпен ғана кіруге болатын. Театрдың сәулетінде Арт деко стиліндегі бірнеше элементтерді байқауға болады, мысалы, баспалдақтар және көрермендер залының екі жақтағы дәліздер. Театр ғимараты Grade II (ерекше қызығушылық тудыратын тарихи ғимараттар) ғимараттар тізіміне кіреді.[3]

Корольдік Шекспир театры және Аққу театры өзенге көркем көрініс ашылатын Эйвон өзенінің батыс жағасындағы Бэнкрофт бағында орналасқан. Ғимараттың шатырында орналасқан мейрамханадан және бардан өзеннің және Бэнкрофт бақтарының көрінісінен ләззат алуға болады.

Дереккөздер

  1. Reid, Robert L. «Royal Treatment: a six year effort to redevelop the Royal Shakespere Company’s signature theater», Civil Engineering Magazine, July 2011, pg 73-81.
  2. Pringle Marian The Theatres of Stratford-upon-Avon, 1875–1992: an architectural history — Stratford-upon-Avon Society, 1994. — P. 29. — ISBN 0-9514178-1-9.
  3. Historic England.

Кейінгі оқу

  • Троубридж, Саймон (2010). Компания: Корольдік Шекспир компаниясының биографиялық сөздік. Оксфорд, Англия: Альберт Кредоның шығарылымдары. ISBN нөмірі 978-0-9559830-2-3.

Сыртқы сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!