Кордоба (ис.Córdoba[ˈkorðoβa]) — Оңтүстік Испания мемлекетіндегі Андалусия ауданындағы қала. Кордова қаласы Сьерра-Морена тау жотасының баурайында, Гвадалквивир өзенінің оң жағалауында, шұрайлы және өте ыстық аймақта орналасқан; Кордова провинциясының астанасы. Қала Ежелгі Рим үстемдігі кезінде құрылған.
Бүгінгі таңда Кордова 321 мың тұрғыны бар орта көлемдегі қазіргі заманғы қала. Кордова – Иберия түбегінің түгелге жуық аумағын алып жатқан Кордова халифатының астанасы болған және бұл қалада сол заманның ескерткіштері көп.
Тарихы
VIII ғасырда Кордова Испаниядағы араб үстемдігінің орталығына айналды.
Өзінің гүлдену кезеңіне 1 млн-дай халқы, сарайлар, мешіттер, керуен-сарайлар бар кезде Х ғасырда жетті, және араб ғылымының, поэзиясының, өнерінің орталығы болды. Кордова, халифат құлағаннан кейін, 1236 жылы Фердинанд III қаланы бағындырғанға дейін мұсылмандардың қол астында болды.
Қазіргі замандағы жағдайы
Еуропалық Одақтың бастамасы — Еуропаның мәдени астанасы — Кордобаны да шалып өтті. Қала 2016 жылы аталған мәртебені иемдену құқығына үміттеніп отыр.
2011 жылдың 25-ші тамызында көп күндік Вуэльта велосипед жарысының 6-шы кезеңі аяқталды.
Қаланың көрікті жерлері
Әйгілі Кордова шіркеулік мешіті (Мескита), VIII ғасырда салынған ертеректе Еуропадағы ірі мешіттердің бірі, кейіннен католиктік ғибадатхана ретінде қайта салынған
Калаорра мұнарасы
Мавритандық стильдегі көпір 719 жылы Гвадалквивир өзені арқылы салынған
Мавритандық патшалардың бау-бақшалармен қоршалған ежелгі сарайы; бұрынғы инквизиция сарайы — Католиктік патшалардың Алькáсара мұнарасының жанында
Кордовадан 8 км батыста орналасқан ескі қаланың орны — Медина Ас-Сахара
Кордова қаласының төңірегінде жылқы тұқымының өсіріледі
Атақты адамдары
Кордова – әйгілі философтар мен ақындардың туған жері: Сенека стоицизм философиясын жақтаушы және оның немере інісі Лукан, араб философы Аверроэс, еврей теологы Маймонид. Кордовада астроном Аз-Заркали (1029—1099) жұмыс істеген. Сонымен қатар, Кордова көрнекті фламенко әртістерімен танымал.