Константин Петрович Персидский (20.10.1903 жыл, Ресей, Сызрань қаласы — 22.6. 1970 жыл, Алматы) —ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1946), профессор (1934), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1951), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғылым қайраткері (1945).
- 1927 Қазан университетін бітірген — 40 жылдары осы университетте,
- 1940 — 1968 жылдары Қазақ ұлттық университетінде
- 1966 — 1970 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтында ғылыми-педагогика және басшылық қызметтер атқарған.
Ғылыми еңбектер
- Негізгі еңбектері дифференциялық теңдеулерді шешудегі орнықтылық теориясына арналған.
- Ол математикадағы жаңа бағыт — сызықтық емес кеңістіктердегі дифференциалдық және кейбір функционалдық теңдеулер теориясының негізін салды.
- Қазақстанның жоғары оқу орындарында математиканы оқытуды ұйымдастыруға зор еңбек сіңірді.
Марапаттар
Дереккөздер
- ↑ "Қазақ энциклопедиясы"