Кодтау (кодирование; coding; кодировать; encode) — мәліметтерді олардың алдын ала тағайындалған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі; 2) ақпараттың 8 биттік (байттық) кодтауын 7 биттік кодтауға түрлендіру. Мұндай түрлендірудің қажеттілігі кейбір желілік программалардың мәліметтерді тек 7 биттік кодтауда жеткізе алатындығынан туындайды. Байттық мәліметгерді осындай арналармен тікелей жеткізу ақпараттың бұрмалануына жол береді; 3) белгілі бір ереже бойынша дискреттік хабарды дискреттік сигнал түріне түрлендіру (аудармалау), яғни шарттаңбаларды қолдану.
Кодтау бланкі
Кодтау бланкі (программаны жазуға арналған бланк, стандартты бланк) (бланк кодирования (бланк для записи программы, стандартный бланк); doding (program) sheet) — алғашқы мәліметтер мен алғашқы программаның операторларын (командаларын) компьютерге енгізу мақсатымен оларды тізбектік жазуға арналған бланк. Бланкіге ақпарат жазу берілген тілде қарастырылған ереже бойынша орындалады.
Кодтау жүйесі
Кодтау жүйесі (система кодирования; system of coding) — 1) объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны; 2) кодтау ережесі мен символдар жиынтығы; код.
Кодтаудың дескрипторлық тәсілі (дескрипторный способ кодирования; descriptor way of coding) — алдын ала жасалған тізімнен, топтастырғыштар мен сөздіктерден тандалған белгілерді объектіге қосып жазу (телу)
==Кодты оңтайландыру==.
Кодты оңтайландыру (оптимизация кода) — кодты генерациялау кезеңінде немесе осы кезеңнен кейін программаны транслятормен автоматтық машинаға тәуелді оңтайландыру.
Кодтық парақ
Кодтық парақ (кодовая страница; code page) — пернелікте (клавиатурада), экранда (принтерде де) компьютерге мәліметтер енгізу-шығару үшін пайдаланылатын 256 түрлі символ жиыны; әр түрлі символдың экрандағы бейнесі мен пернелік арасындағы байланысын аңықтайтын кесте түрінде болады. Кодтық парақтың алғашқы 128 символы халықаралық стандартқа сәйкес ascii-кодымен өрнектеледі де, қалған бөлігі нақты бір мемлекеттің стандартына сәйкес өзгеше бола береді.