Клавир(нем. klavіer) – 1) клавишті-ішекті музыкалық аспаптардың (клавикорд, клавесин, фортепиано) жалпы атауы; 2) клавираусцуг (нем. klavіer – фортепиано және аuszug – үзінді) сөзінің қысқартылған түрі, вокалды-симфониялық шығармалардың (опера, оратория, кантанта, т.б.) партитураларын фортепиано мен дауысқа немесе тек фортепианоға, балет партитураларын фортепианоға түсіру. Кейде симфониялық, камералық және ансамбльге жазылған шығармаларды фортепианоға (2,4 және 8 қолға) лайықтап мазмұндау (аранжирлеу) да Клавир деп аталады.
[1]