Кендірлі – Каспий теңізінің оңтүстік-шығысындағы шығанақ.
Орналасқан жері
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Құрлыққа 22 км шамасында еніп жатыр. Батыс бөлігінде Кендірлі құмқайырымен ұштасады.
Тарихы
Кезінде Форт-Александровск – Красноводск аралық байланыс бекеті және балықшы ауылдарының мекені болған. Сонымен қатар жаугершілік кезеңнен қалған 7 қыз мұнарасының қирандысы сақталған.
Сипаттамасы
Шығанақтың теңізге шығар жеріндегі ұзындығы 3 км. Орташа тереңдігі 3,5 м. Солтүстік жағалауға жақын бөліктерінде су асты жартастары су бетіне шығып жатыр. Шығанақтың теңізге шығатын жерінде сүйірлі келген Порсу мүйісі орналасқан. Жағалауында неогеннің құм шөгінділері түзілген.[1]
Дереккөздер
- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5