Картина[1] – кескіндемежанры; дербес көркемдік мәні бар (нобай мен этюдке қарағанда) толық аяқталған туынды. Фреска немесе кітап миниатюрасынан ерекшелігі – интерьер мен әсемдеудің белгілі бір жүйесіне байланысты бола бермейтіндігінде. Негіз (кенеп, ағаш немесе металл тақтайша, картон қағаз), жақпа қабат және сырлы қабаттан тұрады. Картина – қондырғылы өнердің бір түрі.