Камчатка

Камчатка
Сипаттамасы
Ауданы270 000 км²
Ең биік нүктесі4835 м
Орналасуы
57° с. е. 160° ш. б. / 57° с. е. 160° ш. б. / 57; 160 (G) (O) (Я)Координаттар: 57° с. е. 160° ш. б. / 57° с. е. 160° ш. б. / 57; 160 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларОхота теңізі, Беринг теңізі, Тынық мұхит
Ел Ресей
АймақКамчатка өлкесі
Камчатка (Ресей)
Камчатка
Камчатка Ортаққорда

КамчаткаАзияның солтүстік-шығысындағы аса ірі түбек.

Географиялық орны

Ресейдің Камчатка өлкесі және Коряк автономды округі аумағын алып жатыр.

Жер бедері

Ұзындығы 1200 км, ені 450 км, ауданы 370 мың км2. Тынық мұхиттық тектоникалық белдеуде жатуына байланысты жанартаулық және жер сілкіну әрекеттері күшті жүреді. 160 жанартау бар, оның 28-і әрекетті. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер көп (ең ірісі – Великан, ыстық суды 50 м биіктікке атады). Орта тұсымен бір-біріне қатар Орта және Шығыс жоталары өтеді. Олардың арасын Орталық Камчатка ойпаты бөледі. Батыс жағалауы ойпатты. Шығыс жағалауы биік үстіртті (700 – 750 м). Оның үстінде жанартау конустары орналасқан (Ключи шоқасы, 4750 м). Тау бастарын мұз басқан (аумағы 874 км2). Өзендері суға мол. Жанартау кратерлерінде пайда болған көлдер көп.

Климаты

Климаты қоңыржай теңіздік, орт. мен солтүстігінде қоңыржай континенттік. Ақпан айының жылдық орташа температурасы –13°С, тамызда 12°С.

Өсімдік жамылғысы

Көп жерін сирек, қайың орманы мен қылқан жапырақты орман басып жатыр. Солтүстігі – тундра. Өзен бойында биік және қалың шалғын өскен.

Пайдалы қазбалары

Көмір, алтын, күміс, құрылыс материалдары, күкірт кен орындары табылған. Минералды және ыстық суға бай. Ыстық су көздері үй жылытуға, өсімдік жылыжайына кеңінен пайдаланылады. Геотермалдық тәжірибе электр стансалары жұмыс істейді. «Крона» атты биосфералық қорық ұйымдастырылған.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Kamchatka

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!