Оңжақ және солжақ Иық-бас көктамыры (кейде Брахиоцефалдық көктамыр, ағылш.brachiocephalic vein, немесе атаусыз көктамыр, ағылш.innominate vein) — жоғарғы кеудедегі мойынның ішкі көктамыры мен Бұғанаасты көктамырдың бірлігінен қалыптасады. Ол стерноклавикулярлық буын тұсында.[1] Сол жақ Иық-бас көктамыры әдетте оң жақтағыдан ұзынырақ.
Бұл көктамырлар бірігіп жоғарғы көктамыр қуысын (superior vena cava) жасайды, ол ірі қантамыр болып, төс сүйек сабы (manubrium sternum) мен бірінші шеміршек қабырғасының (first costal cartilage) түйіскен жерінің артқы жағына орналасқан.
Иық-бас көктамырлары - жоғары қуыс көктамырына қан жіберетін негізгі тамырлар.
Солжақ иық-бас көктамыры солжақ алдыңғы негізгі көктамырдың соңғы бөлігі кері кетіп шөжіген кезде, солжақ және оңжақ алдыңғы негізгі көктамырлар (anterior cardinal veins) арасында қалыптасады.