Иудея патшалығы

Арада жанындағы Оңтүстік Иудеяың шөлді төбелері

Иудея патшалығы - (ивр. יְהוּדָה‎, Иехуда; ивр. אֶרֶץ יְהוּדָה‎, Эрец-Иехуда, «Иехуда жері») – (б.з.б. 928-586 ж.ш.) Отүстік Палестинадағы ежелгі мемлекет. Б.з.б. 11 ғасырда пайда болға Израиль-Иудея патшалығы ыдырағанан кейін құралды. Давид ұрпақтарының әулеті басқарды. Астанасы – Иерусалим. Иудея патшалығының әлеуметтік-экономикалық процесстері Израиль патшалығына да тә болды. Реховоам билегенжылдардағы (928-911) египедтіктердің басып кіруі жәе Израиль патшалығыме көп жылдық соғыстар Иудея патшалығын едәуір әлсіретті. 727-698 жылдары билік жүргізген Хизкия патша Иса пайғамбардың ықпалымен әскери, экоомикалық, әлеуметтік және діи-мәдени реформалар жүргізіп, Ассириямен соғыс бола қалған жағдайда елді біраз нығайта түсуді көздеді. Ассирияға қарсы коалицияға қосылды. Бірақ ол әрекеттері сәтсіз болып шығып, Ассирияға алым-салық төлейті күйге дұшар етілді. Иудея патшалығыың тарихындағы келелі кезең Иосия патшасы басқарған жылдар (639-609) болды. Иудея патшалығы Ассирия езгісінен құтылып, тіпті бұрынғы Израиль патшалығы жерінің едәуір бөлігін өзіне қосып алды. 586 жылы Иудея патшалығын Вавилон патшасы Навуходоносор ІІ жаулап алды. Иерусалимді, ғибдатханаларды өртеп жіберді, көптеген тұрғын халықтарын тұтқыға алды.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!