Исраил – діни ұғым бойынша Мұса пайғамбардың қауымы, соның жолын ұстағандар. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың тубі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «Біздің қазақтың ықыласы атасын ғараптан шықты дегенді, яғни бәни Исраилден шықты дегенді ұнатқандай» деген сөздермен бастайды да, бұл түсініктің тарихи шындыққа жатпайтынын, қараңғылықтан туғанын дәлелдейді. Одан әрі ақын қазақ және оған туыстас халықтардың арғы тегі және олардың қазіргі қазақ жеріне орналасу тарихы туралы түйгендерін баяндайды. Біздердің шын мәнісінде арабтардан емес, монғолдардан шыққанымызды дәлелдейді.[1]
Дереккөздер
- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9