Тоқтыбаев Иса (15.2.1894, Тереңөзек ауданы (қазірг Сырдария ауданы) Қараөзен а. – 1967, Қызылорда қ.) – қоғам қайраткері. 1904 – 1917 ж. Перовскідегі орыс – қазақ мектебінде, бастауыш орыс уч-щесінде оқып, Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген. 1922 – 1925 ж. «Шолпан» журналының, «Ақ жол» газетінің редакторы, Ақтөбеегі жер басқармасының бастығы, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы, Орынбордағы пед. ин-ттың директоры және жұмысшы ф-тінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1929 – 1930 ж. Қазақ АКСР Халық ағарту комиссарының орынбасары. 1930 – 1932 ж. Ленинград (Санкт-Петербург) пед. ин-тының аспиранты, Қызыл Профессура курсында тыңдаушы болды. 1932 – 1933 ж. Ленинградтағы Шығыс халықтары курсының ректоры және әскери саяси академияның СОКП тарихы бойынша лекторы болды. 1933 – 1936 ж. қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеде отырды. 1936 ж. В.Куйбышевтің көмегімен босап шықты. 1937 ж. Ленинградтағы КСРО халықтарының этнограф. музейінде бөлім меңгерушісі қызметінде болады. 1938 – 1947 ж. екінші рет қамауға алынып, Коми АКСР-інде түрмеде отырды. 1947 ж. түрмеден босап, Тереңөзекке оралады. 1949 – 1957 ж. үшінші рет ұсталып, Красноярск өлкесіне жер аударылды. 1957 ж. ақталып, елге қайтты. 1958 – 1964 ж. Қызылорда қ-ндағы облысы өлкетану музейін ұйымдастырушы әрі директоры болды. Қаладағы бір көшеге есімі беріліп, өзі тұрған үйге құрмет тақтайшасы орнатылған. 1998 жылдан туған ауданындағы ғ35 қазақ орта мектебі Тоқтыбаев есімімен аталады.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы