Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді бөлу, олардың арасындағы байланыстарды бұзып, өзара ынтымақты іс-қимылын жою.[1] Өзінің жеке мүдделерін және халық пен бизнестің талап-тілектерін қамтамасыз ету үшін дүниежүзі елдері бірлесе жақындасуға, яғни интеграцияға бағытталған саясат жүргізеді. Оған үдеріс ретінде де, жақындасудың нәтижесі ретінде де қарауға болады. Бірінші мағынасында, бұл - бірлесе қызмет атқаруға, ал кейбір жағдайларда түрлі елдердің бірігуіне әкелетін үдерістер. Екінші мағынасында интеграция ретінде ортақ мақсатқа бірлесе қол жеткізу үшін құрылған мемлекетаралық бірлестіктер алынады.[2]
Интеграцияның мақсаттары
Саяси
|
- қолайлы сыртқы саяси орта қалыптастыру, саяси, әскери, әлеуметтік, мәдени және басқа да экономикалық емес салаларға қатысушы елдердің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайту
|
Экономикалық
|
- тауар, көрсетілетін қызмет, капитал және адам қозғалысы жолында ішкі шегарасыз кеңістікті қалыптастыру;
- сауда, кеден, экономикалық, салық, қаржы саясатына қатысушы елдерді жақындастыру;
- кейбір жағдайларда - бірыңғай валюта енгізу.
|
Әскери
|
- бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту;
- сыртқы әскери-саяси қауіптерден ұжымдық қорғаныс;
- халықаралық лаңкестікпен және экстремизммен, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі тасымалымен, заңсыз көші-қонмен, кибер қылмыскерлікпен күресу;
- төтенше жағдайларда,гуманитарлық апаттарда ұжым болып жедел әрекет ету.
|
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
- ↑ География. Жалпы білім беретін мектептердің 8-сынып оқушыларына арналған./Р.Ә. Қаратабанова, Г.А. Қуанышева, Ж.Р. Байметова, К.М. Джаналеева. 2-бөлім.- Алматы:Алматыкітап баспасы, 2018.