Сүлейменов Иманбек (16.8.1914, Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылы – 1995, Алматы) – ғалым агроном, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1947), професор (1948), Қазақстан ғылым академиясының коррдинатор мүшесі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1964). Қазақтың ауыл шаруашылығы иннститутын (1935), К.А. Тимирязев атындындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының аспирантурасын (1938) бітірген. 1938 – 1940 жылдары осы академияда ассистент, аға ғылым қызметкер, 1940 жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы институтында директордың оқу және ғылым жұмыс жөніндегі орынбасары, 1940 1942 жылдары Қазақ КСР-і Жер халкомының орынбасары болған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 – 1947 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылығы институттында директордың оқу және ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары, өсімдік өсіру кафедрасының доценті, меңгерушісі, 1947 – 1953 жылдары Қазақ егіншілік ғылым-зертеу институттында лаборотория меңгерушісі, 1953 – 1961 жылдарында Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институттында кафедра меңгерушісі, 1961 – 1971 жылдарында Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтының професоры, 1971 жылдан Қазақтың ауыл шаруашылығы институттында кафедра меңгерушісі, професор қызметін атқарды. Негізгі ғылым еңбектері егіншілік және өсімдік өсіру мәселелеріне арналған. Сүлейменов жаздық және күздік бидайдың биологиясы мен селекциясын, оны өсірудің кейбір технологиясын зерттеді. Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайында жаздық бидайды себу мерзімдерін белгілеп берді. Сүлейменовтің 170-тен астам ғылым еңбегі (оның 7-і монография) жарияланды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.
[1]
Дереккөздер
- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"