Игорь Николаевич Нечаев

Нечаев Игорь Николаевич (11.3.1933 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) – ғалым, ауыл шаруашылығының ғылыми докторы (1983), профессор (1984), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиясы (2003). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1996). Қазақ ұлттық аграрлы университетін бітірген (1962). 1956 – 84 ж. Қазақ мал шаруашылығының ғылыми-зеррттеу институтында, Бетпақдала тәжірибе станциясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және басшылық қызметтер атқарды. 1984 – 91 ж. ВАСХНИЛ-дың батыс бөлімшесі төрағасының орынбасары, кейін Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы президентінің орынбасары болды. 1991 жылдан ҚР Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығында ғылыми кеңесші.

Еңбектері

Ғылыми еңбектері жылқының өнімділігін арттырудың селекциялық және технологиялық тәсілдеріне арналған. Нечаевтың басшылығымен және тікелей қатысуымен ет-сүт бағытындағы мұғалжар жылқысының тұқымдары шығарылды. Ол мұғалжар тұқымының және оның екі тұқымішілік және бір зауыттық түрінің авторы. 150-ден астам ғылыми еңбек жазған.

Сыйлықтары

Жылқы өсіруде ірі селекцияда нәтижелерге жеткені үшін академик А.И. Бараев атындағы сыйлық лауреаты (2002) атанды. Бірнеше медальдармен марапатталған.[1]

Шығармалары

  • Мясное коневодство (табунное), А., 1975;
  • Технология производства мяса, А., 1983;
  • Продуктивное коневодство, М., 1985;
  • Коневодство Казахстана, А., 1989.

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!