Иван Кириллович Кириллов

Иван Кириллович Кириллов(168914 сәуір 1737) – Қазақстанды зерттеуші орыс ғалымы, Ресей империясының мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

  • 1727 ж. Ресей империясы Сенатының обер-хатшысы қызметіне тағайындалған.
  • 1727 ж. жарық көрген “Бүкілресей мемлекетінің гүлдену жағдайы” аталатын еңбегінде Ресей империясына географиялық-статистикалық сипаттама берген.
  • 1734 – 37 ж. Орынбор өлкесіне келген экспедицияға жетекшілік етті.
  • 1734 ж. Ресей үкіметіне берген “Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірмесінде” қарақалпақтардың 1733 ж. Ресейге тәуелділігін мойындағаны, ал Қазақ хандығы хандарының империя құрамына кіруге өтініш білдіргені туралы жазған. Осыған орай Кириллов Ресейдің шығыс “шетіне” қосып алу мақсатымен Ор өзені бойында қала салу жобасын ұсынды. Кириллов Орынбордан басқа Арал төңіріне порт салу, “жан-жаққа шашырап кеткен Бұхар иеліктерін” бағындыру туралы ұсыныс білдірді.
  • 1784 ж. 1 мамырда граф А.П. Бестужев-Рюминнің қолдауымен бұл жобаны Ресей патшасы бекітіп, оны орындау Кириллов пен полковник Тевкелевке жүктелді. 1735 ж. тамызда Кириллов Ор өзені бойына жетіп, Орынбор қаласының негізін қалауға қатысты. Орынбор экспедициясына жүктелген тапсырма әскери-саяси сипатта болғанымен, Кириллов өңірдің табиғи, экономикалық жағдайымен, жергілікті халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысуды да экспедиция жұмысына енгізуді ұсынды. Экспедицияның қала, бекіністер салу ісіне байланысты жүргізген картографиялық жұмыстарына ағылшын инженер-капитаны Джон Эльтон, ботаник И.Г. Гейнцельман қатысты. Экспедиция нәтижесінде жинақталған материалдар Ресей империясының Ғылыми Академиясына жіберіліп, ғылыми сараптаудан өткізілді.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!