Иван Иванович Бок (10 қазан 1898 жылы, Башқортостан, Белебей қаласында туған – 30 қыркүйек 1983 жылы, Cанкт-Петербург қаласында қайтыс болған) – геология-минералогия ғылымының докторы (1948 жылы), профессор (1948 жылы), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1954 жылы), Қазақ КСР-інің ғылыми мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері (1955 жылы). Орал тау-кен институтын бітірген (1928 жылы). 1928–36 жылдары Орал геология барлау партиясының бастығы, Қазақ геология тресінде аға геолог, 1938–68 жылдары Қазақ тау-кен металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1968–75 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының әлем және жер жөніндегі ғылымдар бөлімшесінің академия-хатшысы болды. Бок Қазақстанның ультранегіздік жыныстарының петрологиясы жөніндегі іргелі еңбектердің, кен орындарының геологиясы, кен түзілу теориясы бойынша алғашқы оқулықтардың авторы, Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) болжамдық металлогениялық картасын құрастыруға қатысқан. Никель сульфидті кен орындарының қалыптасу мәселелерін жете зерттеп, Қазақстанның никель-кобальт кендерінің жіктелімін жасаған. Лениндік сыйлық лауреаты (1958 жылы). Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.[1]
Шығармалары
1. "Агрономические руды", Алматы, 1955;
2. "Основы рудной геологии", т.1–2, Алматы, 1970, 1974.
Сілтемелер
1. "АЛТЫН ҰЯ" Бок туралы мақала(қолжетпейтін сілтеме)
2. "Бок, Иван Иванович"
Дереккөздер
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том