Ибрагим Әбілғазыұлы Онаев

Ибрагим Әбілғазыұлы Онаев (19 мамыр 1913 ж., Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 24 тамыз 1994 ж., Алматы) – металлург ғалым, технология ғылылымының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1972). [1]

Өмірбаяны

Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан[2].

Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1941). Қарсақпай мыс қорыту зауытында жұмыс істеген (1941 – 44). 1944 – 74 ж. Металлургия және кен байыту институтында аспирант, ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордың орынбасары (1965 – 74), 1974 – 94 ж. ҚазҰТУ-да кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыи еңбектері түсті металлургия шикізаттарын өңдеудің жаңа тәсілдерін жетілдіруге арналған. Орталық Қазақстандағы мыс кендерінен өндірілген кентастар мен концентраттарды балқыту процесін кешенді түрде жетілдіру ісін жүргізген. Түсті металлургия саласындағы штейнді-қожды жүйелердің физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеді. Металл-шлак және штейн-қож-газдық фаза жүйесіндегі металдардың таралу заңдылықтарын ашқан. Мысты және полиметалдық материалдарды шашыранды күйде циклондық (кивцэттік) балқытудың ерекше технологиясын жасаған авторлардың бірі. Онаев 300-ге жуық ғылыми еңбектің, 28 өнертабыстың авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Шығармалары

  • Әлемнің тұңғыш металы, А., 1977.
  • Физико-химические свойства сплавов цветной металлургии, А., 1972; Циклонная плавка, А., 1974.
  • Современные технологические процессы в металлургии меди и никеля, А., 1984.
  • Восстановление сульфидов, А., 1988.

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім
  2. Серік Имантайұлы Жақсыбаев Қаржас ұрпақтары — Павлодар: ЭКО, 2008. — 400 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-08-265-0.


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!