Зәки Ахметұлы Ахметов (4 мамыр 1928, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұзынбұлақ ауылы — 17 желтоқсан 2002, Алматы) — кеңестік–қазақстандық аса көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, профессор (1966), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1978), І дәрежелі Ш.Уәлиханов ат. премия сыйлығының (1980), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік премияның лауреаты (1996) («Абай» энциклопедиясын жасаушылардың бірі ретінде).
Өмірбаяны
ҚазМУ-ді бітірген (1947). 1947–50 жж. КСРО ғылым академиясының Ленинградтағы Шығыстану инстиутының аспирантурасында оқыды. Ленинград Мемлекеттік университетінде "Лермонтов және Абай" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, 1971–75 жылдары Қыздар педагогикалық инстиутында доцент, кафедра меңгерушісі, декан және Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері болды.
1965 жылы "Қазақтың өлең құрылысы" атты диссертациясын қорғап, филололгия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді. 1975 жылы Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесі. 1983 жылы Қазақ КСР ҒА академигі болып сайланды. 1975–81 жылдары Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, директор болып қызмет істеді. 1976–84 жылдары Қазақ КСР ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы, 1984–86 жылдары Қазақ КСР Ғ А вице-президенті болды.
1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1986 жылы өмірінің соңғы күндеріне дейін М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер инстиутында әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бөлімінің, сондай-ақ Абайтану және жаңа әдебиет бөлімінің менгерушісі болды. Ахметов 10-нан астам монография, 400-ден астам мақаланың авторы. Оның жетекшілігімен 20-дан астам кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалған. 1996 жылы Халықаралық қоғамдық Айтматов академиясының академигі болып сайланды.
Еңбектері
- Поэзия шыңы — даналық;
- Өлең сөздің теориясы, А., 1973;
- Абайдың ақындық әлемі, А., 1995;
Дереккөздер