Зертас (1992 жылға дейін – Галкино)[1] — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Зертас ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Леңгір қаласынан солтүстікке қарай 9 км-дей жерде, Қызылсу өзенінің сол жағалауындағы жусан аралас нарқия, теріскен өскен қуаң шөлейтті белдемде орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
3913 |
▲4346 |
▲4544 |
104,6 |
2240 |
▲2318 |
103,5 |
2106 |
▲2226 |
105,7
|
Тарихы
Іргесі 1950 жылы Большевик қой өсіру ұжымшарын ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1992 жылға дейін Галкино деп аталып келген. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, фельдшнрлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[4]
Дереккөздер